Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында облыстағы бір ірі ұн өндірісі өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында облыстағы бір ірі ұн өндірісі өртеніп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында облыстағы бір ірі ұн өндірісі өртеніп кетті

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданының Монтайтас ауылында облыстағы бір ірі ұн өндірісі өртеніп кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Шiлде 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 шілдеде 14 сағат 53 минутта қырман жабдықтары мен ұн қойылған қойма ғимаратының шатыры өртенді. Өрт аумағы 1680 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.

Өрт 18 сағат 40 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 41 адамы мен 3 техникасының және Арыс бекетінің темір жол бекетінің пойызының күшімен сөндірілді. Шығын көлемі анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті