"Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылдайды

"Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылдайды

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы - 2008" бәйгесіне қатысу өтініштерін ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2008 жылдың 1 тамызы бен 30 қыркүйегі аралығында қабылдайды. Бұл туралы бүгін баспасөз-мәслихатында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Нұрашев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Шiлде 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ол бұл бәйгенің шетелдік инвесторлар кеңесінің биыл маусым айында Атырауда өткен 19-пленарлық отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасын орындау үшін өткізіліп жатқанын еске салды. «Сол кезде президент комитетке 2008 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласында өтетін шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-шы жалпы отырысының барысында «Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы — 2008″ бәйгесін өткізуді тапсырған болатын», — деп түсіндірді комитет төрағасы.

«Бұл бәйгенің мақсаты — Қазақстан экономикасының дамуына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосқан шетелдік инвесторды анықтау. Оның міндеті — бизнесті иман жүзді, кәсіби жүргізу нормаларына жауап беретін қызметті іске асыруға инвесторларды ынталандыру және инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеген кездерінде жинақталған оң тәжірибені жұртқа көрсету әрі таныстыру болып табылады», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті