ПИК үйдің жалпы есептеу құралдарын орнату келісіміне қол қоюдан бас тартып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ПИК үйдің жалпы есептеу құралдарын орнату келісіміне қол қоюдан бас тартып отыр

ПИК үйдің жалпы есептеу құралдарын орнату келісіміне қол қоюдан бас тартып отыр

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Пәтер иелерінің кооперативтері коммуналдық қызмет ұйымдары ұсынған үйдің жалпы есептеу құралдарын орнату келісіміне қол қоюдан бас тартып отыр. Бұл туралы бүгін есептеу, энергия үнемдеу және нормативтік техникалық шығындарды тіркеу құралдарын орнату мәселесі жөніндегі қоғамдық тыңдау барысында "Алматы жылу желілері" АҚ бас директоры Игорь Пирогов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Шiлде 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңының 23 -бабында реттелетін коммуналдық қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектілері есептеу құралдары жоқ тұтынушыларды жасалған келісімдерге сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарымен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жабдықтауға міндетті деп көрсетілген. Алайда, жылу қуатын тіркеу құралдарын орнату жобасын жүзеге асыру барысында біз бірқатар проблемалы мәселелерге тап болдық. Ең өзекті мәселелердің бірі ретінде тұтынушылармен үйдің жалпы есептеу құралдарын сатып алып, орнату келісімін жасасу аталып отыр», — деп мәлімдеді И. Пирогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті