Өзбекстанда автобазадағы жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда автобазадағы жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті

Өзбекстанда автобазадағы жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның Новои ауданы Үшқұдық қаласындағы автобазада алты автокөлік, соның ішінде жанармай құю барысында екі "Икарустың" тамтығы қалмай өртеніп кетті. Жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Вести.UZ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 21 Шiлде 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Оқыс оқиға немқұрайдылық пен қауіпсіздік техникасы талаптарын өрескел бұзу салдарынан болған. «Икарус»автобусына жанармай автобазаның жөндеу цехының ішінде газ тасушы автокөліктен тікелей құйылып жатқан, ал бұған тыйым салынады», -деді осы елдің ТЖМ қызметкері Акмал Уринбаев.

Барлық зардап шеккендер Новои тау-кен-металлургиялық комбинатының медициналық саниатрлық бөліміне жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті