Шығыс Қазақстан облысының әкімі жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау бағдарламасының жүзеге асырылу барысына көңілі толмайтынын білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының әкімі жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау бағдарламасының жүзеге асырылу барысына көңілі толмайтынын білдірді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау бағдарламасының жүзеге асырылу барысына көңілі толмайтынын білдірді

Семей. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау бағдарламасының жүзеге асырылу барысына көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Шiлде 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Әділғазы Бергенев жұмыс кеңесін өткізіп, онда жұмысшы кәсіптері бойынша жаппай мамандар дайындау және кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

«Әкім басты кешілік ретінде өңірдегі еңбек нарығындағы жұмысшы мамандарға деген сұраныс ахуалына мониторинг жүргізу жүйесінің жоқтығын атады. Ол сондай-ақ, жетекші өнеркәсіп орындарының мамандар іріктеу қызметімен мақсатты ықпалдастықтың жетімсіздігін, мектеп түлектерін кәсіпке баулу жүргізілмейтіндігін, жалпы мамандар дайындау деңгейінің төмендігін, өңірдегі кәсіптік-техникалық оқу оырндарында кәсіптік білім беретін жоғары кәсіпқой шеберлердің тапшылығын атады», -делінген хабарламада.

Кәсіби жұмысшы мамандардың тапшылығы тауқыметін шешу үшін білім беру басқармасының бюджеті 0,5 млрд теңгеге ұлғайтылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті