Атырау облысының Махамбет және Мақат аудандарында соққан қатты жел тұрғын үйлер мен бірқатар нысандардың шатырларын жұлып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысының Махамбет және Мақат аудандарында соққан қатты жел тұрғын үйлер мен бірқатар нысандардың шатырларын жұлып әкетті

Атырау облысының Махамбет және Мақат аудандарында соққан қатты жел тұрғын үйлер мен бірқатар нысандардың шатырларын жұлып әкетті

Атырау. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысының Махамбет және Мақат аудандарында соққан қатты жел мен құйын тұрғын үйлер мен бірқатар нысандардың шатырларын жұлып әкетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ұтқыр дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи зілзалалардың алдын алу және салдарын жою істерін ұйымдастыру басқармасына сілтеме жасай отырып.

  • 21 Шiлде 2008
  • 679
Фото - Caravan.kz

Басқарма бастығының орынбасары Ерболат Бектеміровтың айтуынша, 19 шілде күні Махамбет ауданының Алға ауылына бұршақ араласқан нөсер жаңбыр жауып, құйынды жел соққан. Апат 21 тұрғын үйдің, Алға орта мектебінің және ауыл клубының шатырларын ұшырып әкеткен. Құйын электр және байланыс желілерін зақымдаған. Тамырымен жұлынған еңселі ағаштар газ желілерін басып қалған. Алға ауылында қалыптасқан төтенше жағдай бойынша шұғыл штаб құрылған. Төтенше жағдай орнында апаттық бригадалар жұмыс істеуде.

Сол күні құйын Мақат ауданында орналасқан ірі компаниялардың бірінің вахталық ауылында да соққан. Күшті жел жатақхананың шатырын жұлып кеткен. Е. Бектеміровтың айтуынша, еуі адам жарақат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті