Баршаға мәлім , Семей полигонын реабилитациялау мәселелері Еуропарламент сессиясы барысында талқыланған болатын. Ш.Стивенсон Еуропадағы «Мәңгі қасірет» фотокөрмесін , Семей өңірінің тұсау кесерін АҚШ конгрессінде, сонымен қатар Ұлыбританияда, Ирландияда, Норвегияда ұйымдастырды. Еуропарламент депутатының сапары барысында, Қазақстанға сонымен қатар британдық бизнесмен С.Чай мен голливуд актрисасы К.Джозеф келеді.
Сапар шеңберінде кең ауқымды халықаралық қауымдастықтың назарын Семей өңірінің мәселелеріне аудару үшін К.Джозеф Семей ядролық сынақ полигоны бойынша деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті