Қазіргі уақытта Тоқмақ қалалық ауруханасында жүрген Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаевтың айтуынша, Шолпан ата — Бішкек тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан екі ер адам мен алты әйел адам қайтыс болған.
Аталмыш 32 адамның 25-і Тоқмақ қалалық ауруханасына (5 адам амбулаториялық көмек алса, төртеуі жан сақтау бөліміне жатқызылып, тоғызы хирургия бөліміне және қалған жетеуі жарақаттану бөліміне орналастырылған), ал жеті адам Шу аумақтық ауруханасына жатқызылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті