Қазақстанда битум зауытын салу мәселесі жылдың аяғына дейін шешіледі - ҚР ЭМРМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда битум зауытын салу мәселесі жылдың аяғына дейін шешіледі - ҚР ЭМРМ

Қазақстанда битум зауытын салу мәселесі жылдың аяғына дейін шешіледі - ҚР ЭМРМ

Астана. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда битум зауытын салу мәселесі жылдың аяғына дейін шешіледі. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста еліміздің энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Ләззат Қиынов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Шiлде 2008
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Битум мәселесі дәйектелді, қазір «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ таза, қоспасы жоқ Қаражамбас мұнайын жеткізу жайын анықтады, бүгінде зауытты Өзенде ме, әлде Ақтауда орналастыру керек пе деген мәселе талдануда», — деді Л. Қиынов.

«Меніңше, жылдың аяғына дейін біз түпкілікті шешім қабылдаймыз», — деді ол Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде. Өз кезегінде үкімет басшысы энергетика министрлігіне бұл мәселені ағымдағы жылға сыйғызып шешуді тапсырды. «Қараша айында шешейік, бұл мәселе үшін Мыңбаев тікелей жауап береді», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті