Жұмыссыздар 2008-2010 жылға есептелген халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытылуда. Бұл мақсатқа 2008 жылы облыс аудандары мен Петропавловск қалалық бюджеттерінен 27 миллион теңге бөлінген.
Оқыту аспазшы-кондитер, тас қалаушы, бояушы -штукатур секілді 26 мамандық бойынша жүргізіледі. Кәсіптік дайындық тегін әрі 2 — 6 айға созылады. Сонымен бірге дәрістен өтушілерге ақшалай өтемақы беріледі, деді Г. Шәймерденова.
Орталықта ағымдағы жылдың аяғына дейін 964 жұмыссыз оқудан өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті