«Қор екінші деңгейлі банктермен бірлесіп 115,5 млрд теңгенің жобаларын қаржыландыру үшін іріктеп алды. 115,5 млрд теңгенің жобалары «Қазына» қорының капиталын ұлғайту үшін бөлінген қаржының есебінен жүзеге асырылады», — деді қаржы министрі.
Оның айтуынша, «бюджеттен ағымдағы жылы қордың капиталын ұлғайтуға қарастырылған барлық 103 млрд теңге қазір бөлінді. «Қазына» қоры жасаған іс-шаралар жоспарында бұл қаржы 17 тамызға дейін игеріледі деп көрсетілген», -деді министр. Оның нақтылауынша, тұрақтандыру бағдарламасының бірінші траншын жүзеге асыруға 7 банк қатысса, қазір оған 11 банк қатысуда.
Сонымен бірге, үкіметтің хаттамалық шешімінде «үкіметтің резервінен жергілікті атқарушы билік органдары шағын және орта бизнесті қолдау жобаларын жүзеге асыруға 28 млрд теңге бөлінеді», деп көрсетілгенін ол еске салды.
Министрдің мәліметінше, «егер жергілікті атқарушы билік органдары 1 шілдедегі жағдаймен бюджеттен шағын және орта бизнесті қолдауға 6,6 млрд теңге қарастырса, бүгінде жергілікті атқарушы билік органдары көзделген 28 млрд теңгенің 14,2 млрд теңгесін жинап отыр».
«Қазіргі жағдаймен 3,8 млрд теңгеге жобалар іріктелді, енді олар қаржыландырылады», -деді министр.
«»Қазына» қоры мен жергілікті атқарушы билік органдарының келісімі бойынша жобалар іріктелген сайын бірден қаржыландырылылп отырады. «Осындай жобадан 3,8 млрд теңгенің жобасы іріктеліп, жергілікті жеті атқарушы билік органы «Қазына» қорымен бірлесіп, 3,4 млрд теңгенің жобасын қаржыландырды», -деді ол.
Қалған 14 млрд теңгені жергілікті атқарушы билік органдары бюджетті нақтылау жолымен тауып, жылдың екінші жартысында қаржыландырады, деді Б. Жәмішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті