«Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде автожолдар салу жобаларының тұсаукесерлерін үш ай бойы Еуропа мен Азияның негізгі бизнес-алаңдарында өткізбекші. Қазір келешек инвесторлармен күн сайын дерлік кездесулер өткізілуде. Олар бұл жобаларға қызығушылық танытып, жүзеге асыруға атсалысуға ниет білдіруде», — деді С. Ахметов.
Сонымен бірге, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілердің топтамасын жасау жұмыстарын жүргізуде, олар екі айдың ішінде қабылдануға тиіс. «Бұл ағымдағы жылдың қазан айында автожол дар саласында концессиялық жобаларға байқаулар жариялауға және 2009 жылдан бастап Астана — Қарағанды, Алматы — Қапшағай, Алматы — Қорғас және Ташкент — Шымкент — Жамбыл облысының шекарасы бағытындағы жоларды реконстукциялауды бастауға, сондай-ақ, Алматы Үлкен айналма жолын тарта бастауға мүмкіндік береді», -деді министр.
«Концессияға берілетін автожолдардың жалпы ұзындығы 540 млрд теңгенің 911 шақырымдық жолын құрайды», — деді С. Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті