Қырғызстанның оңтүстігінде төрт адамның өліміне қатысы бар күдікті құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстігінде төрт адамның өліміне қатысы бар күдікті құрықталды

Қырғызстанның оңтүстігінде төрт адамның өліміне қатысы бар күдікті құрықталды

Бішкек. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде, Ош қаласында екі МАИ қызметкері, дәрігер-нарколог пен такси жүргізушісі - барлығы төрт адамның өліміне қатысы бар күдікті құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Шiлде 2008
  • 424
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті Ош қаласындағы әскери бөлімде борышын өтеуші болып табылады. Өлім шыққан шілденің 16-сынан 17-сіне қараған түні күдікті мас болған. Ол көшеде «Дэу-Тико» маркалы көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, МАИ қызметкерлеріне ұсталған. Олар оны наркологиялық диспансерге жеткізеді. Мастығын тексеруден кейін ұсталған «өзімен бірге жүрген МАИ қызметкерінің тапаншасын суырып алып, екі милиция қызметкері мен такси жүргізушісін атып жіберген. Бұдан кейін ол наркодиспансерге келіп, кезекші дәрігер -наркологты да атып өлтірген».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17 шілдеде 07 сағат 30 минут шамасында Ош қаласында Узгенская көшесінде «Дэу-Тико» автокөлігінен Ош қалалық ІІБ МАИ жол полициясының екі инспекторы, Ош облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер-наркологы мен автокөліктің жүргізушісінің мәйіттері табылған болатын. Олардың төртеуінің де бастарынан оқ тиген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті