Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Веселые нотки» аулалық клубына қатысушы балалар Есентай өзеніндегі халық жаппай демалатын жерлерде «Балалар- туған қаланың тазалығы үшін» атты науқан өткізуге ұйғарған. «Мұндай акцияны өткізуге балалардың табиғат аясында демалу жөніндегі шешімі түрткі болған. Алайда, алдағы демалыс орнын алдын-ала зерттеген балалар алдымен ол жерді қоқыс-қалдықтардан тазартуға ұйғарды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті