Үкімет басшысы Еуразиядағы энергетика мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Бойден Грей бастаған АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің делегациясымен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Еуразиядағы энергетика мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Бойден Грей бастаған АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің делегациясымен кездесу өткізді

Үкімет басшысы Еуразиядағы энергетика мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Бойден Грей бастаған АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің делегациясымен кездесу өткізді

Астана. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Америка Құрама Штаттарының Еуразиядағы энергетика мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Бойден Грей бастаған АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Шiлде 2008
  • 493
Фото - Caravan.kz

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетика және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.

К. Мәсімов Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретінде толыққанды, ашық және сындарлы әріптестік ынтымақтастық қағидаттарын ұстануды жалғастыра беретінін атап өтті.

Кездесу барысында сондай-ақ жаһандық азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, орталық азиялық өңірдегі елдермен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығының кейбір мәселесі, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі сөз болды.

Кездесуге қатысушылар ҚР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың озық үлгісіне тоқталып, келешектегі тығыз ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті