Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласында CDMA-450 стандартының негізінде сымсыз байланыстың ұлттық желісін орнату жобасының таныстырылымы өтті. Онда ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев болды. Ө. Шүкеев ұсынылған мәліметтермен танысып, ауылға сымсыз технология көмегімен телефон орнату бойынша іске асырылып жатқан жобаны мақұлдады.
«Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі жариялаған хабарламада бұл оқиғаның жыл басынан бері CDMA-450 стандарты енгізілген Ақмола және Қостанай облыстарынан кейінгі үшінші облыс екендігі айтылған. Бұл жобаны жүзеге асырумен «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «Шығыстелеком» ЖШС айналысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті