«Адамдардың денелерінен тілінген, кесілген жарақаттар табылды. Бұл олардың өлтірілгенінен және іздерін жасыру үшін үйдің өртелгенінен хабар береді», — деп атап көрсетті Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі. Тергеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта қайтыс болған отбасының мүрделері сот-медициналық сараптамада жатыр. Басқа да криминалистикалық тексерулер жүргізілуде. Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілу үстінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті