Қазақстан елшісі Түркия президентіне сенім грамотасын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Түркия президентіне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан елшісі Түркия президентіне сенім грамотасын тапсырды

Астана. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Түркияның "Чанкая" президенттік сарайында кеше Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бағдат Әміреевтің Түркия Республикасының президенті Аддулла Гүлге сенім грамотасын тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Шiлде 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

Рәсімнен кейін елші мен ТР президенті арасында сұхбаттасу болды. Сұхбат барысында А.Гүл қазіргі кездегі екі ел қарым-қатынастарына жоғары баға беріп, түрік үкіметінің Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты және халықаралық мәселерде кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ынталы екенін мәлімдеді.

Түрік мемлекетінің басшысы жақында өткен Астананың 10-жылдық мерейтойына орай Қазақстанға сапары және Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен кездесуі туралы жылы пікір білдірді.

Президент А.Гүл Түркияның бауырлас Қазақстанның барлық бастамаларын қолдайтынын, мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктеріне қуанатынын және мақтан тұтатынын мәлімдеді.

Елші қазақстандық-түрік қатынастарының көп жақты саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық, оның ішінде көлік-коммуникациялық және инвестиция саласындағы, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы қазіргі күн тәртібіндегі бірлескен ірі көлемдегі іс-әрекеттер мен жобалардың екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға және қазақстандық-түрік қатынастарының жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті