Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы проблемасын шешу үшін егістіктердің құрылымын өзгертіп, су үнемдеу технологияларын енгізу қажет - ҚР вице-премьері - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы проблемасын шешу үшін егістіктердің құрылымын өзгертіп, су үнемдеу технологияларын енгізу қажет - ҚР вице-премьері

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы проблемасын шешу үшін егістіктердің құрылымын өзгертіп, су үнемдеу технологияларын енгізу қажет - ҚР вице-премьері

Шымкент. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мақтаарал ауданында ауылшаруашылығы дақылдарының құрылымы біршама өзгертіледі. Бұл туралы кеше еліміздің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Шiлде 2008
  • 1165
Фото - Caravan.kz

«Біз тікелей тапсырма беріп, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында ауылшаруашылығы дақылдарының құрылымын біршама өзгертетін боламыз. Мақта егінін мейлінше азайтып, 60 — 70 мың гектарға жеткізу қажет. 30 мың гектарға күздік бидай, 30 мыңына — люцерна және 10 мыңға жуық гектарына бақшалық дақылдар егілуге тиіс. Сонда ғана біз суды екі есе аз тұтынатын боламыз», -деді Ө. Шүкеев.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылығы басқармасының бастығының орынбасары Қанатбек Оспанбековтың айтуынша, облыстың оңтүстігінде су тұтыну көлемін азайту үшін егістіктердің құрылымын өзгерту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Биыл біз облыс бойынша мақта егістіктерін 22 мың гектарға азайтып, күріш егуден мүлдем бас тарттық. Оның орнына жемдік дақылдарды отырғыздық. Майлы дақылар егілетін алқаптар 10 мың гектарға, сондай-ақ, люцерна егістектері де ұлғайтылды. Ерте пісетін көкөністер егілетін алқап 4 мың гектарға, ал ерте пісетін бақшалық дақылдар 10 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл дақылдарды сәуір-мамыр айларында суару керек, ол кезде мақташыларға су қажет болмайтындықтан су бар. Осы күзде біз алғаш рет 20 мың гектарға күздік бидай екпекшіміз. Одан түсетін пайда мақтадан түсетін пайдадан асып түседі. Оны күздің аяғына салым және ерте көктемде суару қажет. Ол кезде су көп. Ал суармалы алқаптарда бидайдың шығымдылығы бір гектардан 40 центнерден асады», — деді Қ. Оспанбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті