Сөйтіп, Қырғызстанда басымдық берілген халықаралық транспорттық бес дәліздің біреуін қайта салуға байланысты мәселе түпкілікті шешілді. Тараз — Талас — Суусамыр жолын сауықтыруға қосымша $2 млн 300 мың бөлу көзделуде.
Бастапқыда 37 шақырым жол салу қарастырылғанымен, артынан бұл сан 57-ге дейін өсті. Сол себепті жобаны қаржыландырушы Ислам даму банкі аталған соманы бөлгелі отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті