Петропавлда жылу есептегіш құралдарды орнату кестесі 5,4 пайызға орындалған - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жылу есептегіш құралдарды орнату кестесі 5,4 пайызға орындалған - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Петропавлда жылу есептегіш құралдарды орнату кестесі 5,4 пайызға орындалған - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Петропавл. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавлда жалпы үйге орнатылатын жылу есептегіш құралдарды орнату кестесі 5,4 пайызға орындалған. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Олег Пономарев есептеу құралдарын орнату мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысында осындай мәліметтер келтірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Шiлде 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

О. Пономарев, кестеге сәйкес, жалпы үйлік 1074 жылу есептегіш құралдарды орнату жоспарланғанын хабарлады. Оның 675-ін 2008 жылы орнату көзделген. Ал іс жүзіне келер болсақ, 2006 жылдан бері 58 есептеу құралдары орнатылса, 2008 жылдың үлесіне бар болғаны 5 есептеу құралы ғана тиеді екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті