Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «15 жастағы студент қыздар адамды қорлағаны және қатігездікпен соққыға жыққаны үшін түрлі жылдарға бас бостандықтарынан айрылды». Сот қызметкерлерінің айтуынша, «қыздар Алена Филатованы көріктілігі үшін ұрып-соққан». Сотта олар колледждегі ұлдар тек оған ғана назар тігіп, өздеріне көз қырын да салмады деп мәлімдеді. Қызды соққыға жығуға осы себеп болған.
Сот материалына сәйкес, студент қыздар «сабақтан кейін жәбірленушіні оқу орнынан тысқары жерге алдау арқылы шақырып алып, оны соққыға жыққан». Сот отырысының барысында мәлім болғанындай, сотталушы Цымбал мен Черепкова өз құрбыларын мейлінше қорлап бағуға тырысқан. Бұл оқиғадан кейін жәбірленуші қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сот колледж студенттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 257-ші бабы бойынша (бұзақылық) айыпты деп тапты. Осы қылмысты негізгі ұйымдастырушылар Цымбал мен Черепковаға үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру, бір жылға сынақ мерзімін белгілеу жөнінде үкім шығарылды. Қалғандары бір жылға шартты кесілді. Сот шешіміне сәйкес, сотталғандар жәбірленушіге моральдық шығын түрінде 100 мың теңге төлеуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті