«Мен Қапшағай қаласының болашағы зор деп есептеймін. Сол үшін мен осында келдім. Біз Қапшағай су қоймасының оң жағалауында зор кешенді салу үшін үнемі инвесторларды іздестірудеміз», — деді Н. Назарбаев.
«Соңғы уақыттарда Лас-Вегас қаласының құрылысына атсалысқан Американың ірі компанияларының бірі Қапшағайдағы құрылысқа үлкен қызығушылық танытып отыр. Мен ойымыз іске асады деген ойдамын. Біз болашақта үлкен ойын-сауық кешеніне ие боламыз», — деді президент.
«Біз жоба бойынша осында қонақ үй ашатын инвесторларға қонақ үйдің астыңғы қабаттарында ойынхана ашуға рұқсат етуіміз мүмкін», — деп атап өтті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті