ҚР президенті Алматы облысын шапшаң дамыту қажеттігін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті Алматы облысын шапшаң дамыту қажеттігін атап өтті

ҚР президенті Алматы облысын шапшаң дамыту қажеттігін атап өтті

Қапшағай. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Алматы облысын шапшаң дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Елбасы осы облысқа жасаған жұмыс сапарының барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Шiлде 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Алматы облысы Қытаймен шекараласады. Мұнда халық саны өсуі керек. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі тиіс», — деді мемлекет басшысы.

«Біз облыста өнеркәсіп, өндіріс және ауыл шаруашылық салаларын дамытуымыз керек», — деп есептейді президент. «Қаскелең бағытына қарай университет салынады. Алматының жанындағы «Алатау» ақпараттық паркі дами береді», — деп атап көрсетті ол.

Өз кезегінде Қапшағай қаласының әкімі Сергей Зеленский биылғы жылы Қапшағай қаласында 5 млрд теңге салық жинап, 20 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын хабарлады. Биылғы жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 22 млрд теңгеге дейін жеткізу және 15 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. «2 мың жұмыс орнын құрамыз», — деп хабарлады әкім.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың шілде айында ҚР үкіметі Ақмола облысы мен Алматы қаласының маңында серіктес қалаларды салу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл ірі қалалардың ауыртпалығын жеңілдетуге септігін тигізеді. Атап айтқанда, Алматы қаласының жанынан, Қапшағайға дейінгі тас жолды жағалай бой көтеретін 4 шағын қалаға 13,5 млрд теңге бөлінген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті