«Күйдіргіге шалдығуға қатысты екі оқиға шілденің басында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Жарма аудандарында және бір оқиға Қызылорда облысының Шиелі ауданында тіркелді «, — деді А. Белоног.
Оның айтуынша, «барлық оқиғадада да мал дәрігерінің куәландыруынсыз, иелері союға мәжбүр болған күйдіргіге шалдыққан малдың еті аурудың жұғу көзіне айналған».
«Бірақ, егер Жарма және Шиелі аудандарында адамның ауру жұқтыруына сойылған малдың еті себеп болса, Ұлан ауданында науқас әйелдің жеке адамдардан сатып алған еті себеп болған», — деді А. Белоног.
«Қызылорда облысының Шиелі ауданынан түскен науқас емдеуге қарамастан, алғаш ауырған сәттен кейін 10-шы күні, дәрігерге әбден кеше қаралуына байланысты, ауруханаға аса ауыр жағдайда жатқызылғандықтан, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деді А. Белоног. «Бұл ауруға қойылған «күйдіргі» диагнозына ешбір күдік жоқ, өйткені одан аурудың барлық клиникалық белгілері байқалған, эпидемилогиялық тексеру кезінде малдардың, соның ішінде сойылған малдың «Ақмылтық» атты учаскеде, бейіт аумағында жайылғаны белгілі болды. Ал Қазақстандағы күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз жерлердің кадастрына сәйкес, бұл жерде 1968 жылы күйдіргіден қайтыс болған адамдар жерленген «, -деді А. Белоног.
Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған барлық 107 адам тиісті дәрігерлік байқаудан өткізіліп, химиялық профилактикадан өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті