Екібастұзда өрт салдарынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Екібастұзда өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұзда өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы Королев көшесінде бес қабатты тұрғын үйде 24 шілдеде сағат 22.20-да 8 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 70 жастағы ер адам мен 72 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.

Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 3 техникасының күшімен сағат 23.10-да сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті