Қазақстанның ғарыштық қызметіндегі ақша қаражатының айналымы 2020 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларынан асады (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ғарыштық қызметіндегі ақша қаражатының айналымы 2020 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларынан асады (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстанның ғарыштық қызметіндегі ақша қаражатының айналымы 2020 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларынан асады (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ғарыштық қызметіндегі ақша қаражатының айналымы 2020 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларынан астам соманы құрайтын болады. Бұл туралы кеше осы саланы дамытуға арналған халықаралық мәслихат барысында Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасының кеңесшісі Иван Ахматов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Шiлде 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

Халықаралық ынтымақтастық аясында мамандар шетелдерде дайндалатын болады. Республиканың осы бағдарламаға арналған дотациясы 6 млрд АҚШ долларынан кем болмайды, деп толықтырды И. Ахматов.

«Есептеулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметіндегі ақша қаражатының айналымы 2020 жылға қарай 1 млрд АҚШ долларына құрайтын болады. Осылайша, ғарыштық қызмет Қазақстан экономикасы үшін жаңа, аса пайдалы және тартымды инвестициялық сала ретінде орын иемденеді», — деді И. Ахматов.

Мәслихатқа келген мамандардың пайымдауынша, алға қойылған міндет өте жоғары. Дегенмен, ірі ғарыш державаларымен ынтымақтастық жасасқан жағдайда іске аса алады.

Мемлекеттік бағдарлама жұмыстар қазан айына қарай аяқталуы тиіс. Бірақ, Қазақстан қазірдің өзінде барлық «жұлдыздық» бағыттар бойынша шетелдік әріптестермен өзара пайдалы ынтымақтастық жасауға дайын. Оның үстіне, Ұлттық ғарыш агенттігі қазірдің өзінде бірлесе жүзеге асыру үшін қызықты ғарыштық жобаларды ұсына алады. Мәслихаттың екінші күні осы тақырыпқа арналады, деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті