ҚР премьер-министрі Morgan Stanley банкінің басқарушы директорымен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі Morgan Stanley банкінің басқарушы директорымен кездесу өткізді

ҚР премьер-министрі Morgan Stanley банкінің басқарушы директорымен кездесу өткізді

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Morgan Stanley банкінің басқарушы директоры Джонатан Пауэлмен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Шiлде 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

Тараптар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тони Блэрмен кездесуі кезінде көтерілген, Қазақстан экономикасын әртараптандыру үшін инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады.

«Мен Қазақстан Ұлыбритания сияқты ашық экономикалы мемлекет болып табылады деп есептеймін және ынтымақтастықтың келешегі әрі жаһандық экономикадан пайда болуы үшін көптеген ұқсас жәйттер бар деп ойлаймын»,- деді Д. Пауэл.

«Бұл елге инвестиция салуға болады. Мұнда еуропалық елдер тарапынан инвестиция салу үшін өте үлкен мүмкіндіктер бар. Сондықтан да біз еуропалық әріптестерді көптеп тарту үшін жұмыс істейтін боламыз, Қазақстанға инвестиция әкелетін оларды осы елмен, оның экономикасымен жақын таныстырамыз», — деп сөзін қорытты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті