Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы облысы азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы облысы азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды

Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы облысы азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды

Петропавловск. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы облысы 155 мың тонна азық-түліктік бидай сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2008
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы тыңайған жерлерді игеру және айналымға енгізудің нәтижесінде 3,7 млн гектар алғапқа егін егілді, бұл өткен жылғыдан 400 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 114 мың гектарға егілді. Облыс алқаптарында тұқым себу науқаны кезінде жоғары өнімділікті 700 егістік кешені жұмыс істеді. Олар егістіктердің 60% егін екті», -деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов.

«Астық пен ұн — біздің облыстың өңіраралық саудасындағы негізгі тауар. 2007 жылы біз алыс және жақын 35 елге 2,4 млн тонна астық экспорттадық. Қазақстанның өз ішіне 1,4 млн тоннасы жөнелтілді», — деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті