ҚР Қаржы министрлігіндегілердің пайымдауынша, жер қойнауын пайдаланушы жүзден астам компания салық жеңілдіктерін және преференцияларды арсыздықпен пайдаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қаржы министрлігіндегілердің пайымдауынша, жер қойнауын пайдаланушы жүзден астам компания салық жеңілдіктерін және преференцияларды арсыздықпен пайдаланады

ҚР Қаржы министрлігіндегілердің пайымдауынша, жер қойнауын пайдаланушы жүзден астам компания салық жеңілдіктерін және преференцияларды арсыздықпен пайдаланады

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігіндегілердің пайымдауынша, жер қойнауын пайдаланушы жүзден астам компания салық жеңілдіктерін және преференцияларды арсыздықпен пайдаланады. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Шiлде 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Наразылық білдіріліп, ақша өндіріп алынған компаниялар өте көп. Қолданыстағы 440 келісім-шартынан қазір заң бұзушылардың тізімін нақты анықтайтын болсақ, олар — жүзден астам компания «, — деді Д. Ерғожин.

Ол осы орайда кейбір елдерде жер қойнауын пайдаланушы салық төлеуші ретінде қандайбір преференцияны әділетсіз пайдаланып, шарт талаптарын орындамаған жағдайда осы преференциялардан айыру жөніндегі заңнамалық нормалар бар екенін атап өтті.

«Қазақстанда осындай механизмді енгізу үшін қандай жағдайда да заңнамаға өзгеріс енгізу қажет», — деді Д. Ерғожин.

Қазір жаңа Салық кодексінің жобасына осындай норма енгізілген жоқ. «Бірақ қазір біз оны талқылап жатырмыз»,- деді қаржы вице-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті