Жер қойнауын пайдаланушыларға түрлі жүктемемен салық салуға қатысты ахуалды түзету қажет - Ерғожин - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер қойнауын пайдаланушыларға түрлі жүктемемен салық салуға қатысты ахуалды түзету қажет - Ерғожин

Жер қойнауын пайдаланушыларға түрлі жүктемемен салық салуға қатысты ахуалды түзету қажет - Ерғожин

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жер қойнауын пайдаланушыларға түрлі жүктемемен салық салуға қатысты ахуалды түзету қажет. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудағы құқық қолдану тәжірибесінің көкейкесті мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Шiлде 2008
  • 705
Фото - Caravan.kz

«Бұл әлемдік тәжірибеге де, Қазақстандағы құқық жүйесіне де, баршасы заңның алдында бірдей деген конституциялық принципке де сай келмейді. Оған жол беруге болмайды және ондай жағдай түзетілуге тиіс», — деді Д. Ерғожин.

«Біз заңда белгіленген қатаң шешімдерді, соның ішінде сот шешімдерін де қабылдаудан қорқуды доғаруға тиіспіз «, — деді вице-министр. «Онымен шектелмей, құқықтық негіз бен сенімді құқықтық көмек болған жағдайда мемлекет тарапынан заңнама талаптарын орындамағандармен арадағы келісім-шартты бұзуға дейін сот және арбитраждық процесстерге бастама көтере алады», — деп атап өткен ол «бірақ сонымен бірге өз іс-әрекеттеріміздің саяси және халықаралық қырларын да ескеру қажет»,- деді.

Д. Ерғожиннің пікірінше, заңды салықты төлемейтін, шартты бұзатын және іс жүзінде арсыз инвестор болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды бұрын берілген жеңілдіктер, кепілдіктер мен преференциялардан айыру қарастырылатын әлемдік тәжірибеге назар аудару қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті