Прокуратура "Арселор Миттал Теміртау" компаниясынан жұмысқа қабылдаудағы алалаушылықты тыюды талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура "Арселор Миттал Теміртау" компаниясынан жұмысқа қабылдаудағы алалаушылықты тыюды талап етеді

Прокуратура "Арселор Миттал Теміртау" компаниясынан жұмысқа қабылдаудағы алалаушылықты тыюды талап етеді

Теміртау. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Теміртау прокуратурасы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ бас директоры Франк Паннирдің атына компанияға жұмысқа қабылдаудағы алалаушылықты тыюды талап етіп қарсылық құжатын жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Теміртау прокуратурасына сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбек құқығын жүзеге асыруда жасына қарай алалауға бағытталған заңсыз әрекеттерін доғаруды» Теміртау қалалық прокуратурасы талап етті.

«Еңбек ету саласындағы құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда теңдей мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының азаматтарының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру талап етілді», — деп хабарлайды прокуратура.

Кәсіпорын әкімшілігінің тарапынан жасалған заңсыз әрекеттерді прокуратура бірқатар БАҚ-тағы мақалалардың ізімен жүргізілген тексеру барысында анықтады.

Атап айтсақ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның қызметкерлер жөніндегі директоры Д. Павлов журналистерге берген сұхбатында «»Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ына жұмысқа орналасудан 40 жастан асқан әйелдер мен 45 жастан асқан ер адамдар үміткер бола алмайды.

Сонымен бірге, акционерлік қоғамның мамандар бөлімінің бастығы М. Изенбаев БАҚ беттерінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ына қажетті кәсіптер мен мамандықтардың тізімін жария еткен. Сол тізімге қарағанда, көрсетілген мамандықтар тізімінде жұмысқа қабылдауда 40 жастан асқан әйелдер мен 45 жастан асқан ер адамдар үшін шектеулер белгіленген.

Жұмысқа қабылдауда жасына қарай шектеу қойылғаны жөніндегі осы тектес жариялар компанияның зауыт басқармасының әкімшілік ғимаратында да ілінген.

«ҚР Конституциясының 24-бабына сәйкес, әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.

Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар. Ал ҚР Еңбек кодексінің 7-бабына сәйкес, еңбек ету саласындағы құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әркімге теңдей мүмкіндік беріледі «, -деді қала прокурорының орынбасары Саят Сауқымбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті