Байқоңырға "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі жеткізілді

Байқоңырға "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі жеткізілді

Байқоңыр. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 25 Шiлде 2008
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бүгін Төретам бекетіне Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан темір жол құрамы келді, ол ғарыш айлағына «Прогресс М-65» жүк кемесін жеткізді.

Кедендік рәсімдеуден кейін құрам айлақ ішіндегі темір жолмен ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

«Прогресс М-65» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.

«Прогресс М-65» жүк кемесі «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті