«Қырғыз темір жолының» хабарлауынша, кездесудің басты тақырыбы халықаралық тасымал саласындағы Орта Азия өңірінің темір жолын дамыту стратегиясын жасап шығару.
Қырғыз жағы отырыс барысында, сондай-ақ, «Қырғыз темір жолының» орта мерзімге арналған даму жоспарының жобасын таныстырды. Оның басты құрамдас бөлігі Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жолын салу болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті