Ғалымдар мен қоғам өкілдері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін нұсқаулар дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар мен қоғам өкілдері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін нұсқаулар дайындады

Ғалымдар мен қоғам өкілдері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін нұсқаулар дайындады

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ғалымдар мен қоғам өкілдері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін нұсқаулар дайындады. Нұсқаулар жобасы 25 шілдеде "Алматы халқының қазіргі уақыттағы экологиялық мәдениетін қалыптастыру" семинарының барысында қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Шiлде 2008
  • 612
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, кеңестердің қатарында инвестиция ағынын таза өндіріске қарай бағдарлау және регулятивті қаржылық және құқықтық негізді құруға бағытталған ынталандырушыларды, қолдау механизмдері мен стратегияларды пайдалану жолымен экологиялық тиімділігін қамтамасыз ету бар. Сондай-ақ, кәсіптік мамандықтарға оқып жатқан студенттерді дайындау кезінде тереңдетілген экология курсын енгізу ұсынылып отыр. Семинарға қатысушылардың пайымдауынша, адамзат тіршілігінің саласындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа түрлерін құру бойынша іргелі ғылыми зерттеулерді дамыту, өнеркәсіп орындарының қызметіндегі табиғатты тиімді пайдалануды енгізу қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті