Қазақстан шетелдік әріптестермен бірлесе отырып жер серіктерін жасауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан шетелдік әріптестермен бірлесе отырып жер серіктерін жасауды жоспарлап отыр

Қазақстан шетелдік әріптестермен бірлесе отырып жер серіктерін жасауды жоспарлап отыр

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шетелдік әріптестермен бірлесе отырып жер серіктерін жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ғарыштық саланың дамуына арналған екі күндік халықаралық мәслихат қорытындысы бойынша "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиев мәлімдеді.

  • 28 Шiлде 2008
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Біз алдымызға осындай үлкен жоспар қойып отырмыз. Мерзімін айту қиын. Бастабында біз құрастыру-сынақ кешенін құру жобасын жасайтын, оның құны мен салу мерзімін есептейтін мердігерді тендер негізінде таңдап алуымыз керек. Қаржыландыру мәселесі әлі шешілген жоқ», — деді Е. Нұрғалиев.

Осы жобаға Франция-Италия делегациясының, атап айтқанда, Thales Alenia Space (Франция) жеке компаниясының өкілдері қызығушылық танытқан. «Қазақстан өзінің ғарыштық индустриясын дамытуды көздеп отыр. Құрастыру-сынақ кешені осы жобаның алғашқы сатысы болады. Осы кешендерді құру жобаларына біздің қатысқымыз келеді», — деп атап көрсетті ThalesAleniaSpace компаниясының өкілі Жоселин Пианка-Риперт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті