Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті

Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Шiлде 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырауда Орал арқылы өтетін темір жол көпірінің маңында 27 шілдеде сағат 21.50-де 23 жастағы жігіт суға кетті; Орал өзенінде «Атырау» ФОК маңында 27 шілдеде 22 жастағы жігіт суға кетті; Орал өзеніне Ақжар ауылы маңында 26 шілдеде сағат 22.30-да 45 жастағы жігіт суға кетті; Қарағанды облысының Қазыбек би ауданында Федоровский су қоймасына 27 шілдеде сағат 13.25-те 18 жасар бозбала; Қарағанды облысының Жарқайың ауданы Самарка ауылында Сатпаев атындағы каналға 26 шілдеде сағат 21.40-та 32 жастағы жігіт; Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданы Ботақара ауылында Молқарасу өзеніне 26 шілдеде сағат 22.00-де 21 жастағы жігіт; Қостанай облысының Рудный қаласында Тобыл өзеніне 27 шілдеде сағат 12.10-да 36 жастағы жігіт; Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы Восточный кентінде Ертіске 27 шілдеде сағат 16.00-де 16 жасар бозбала; Қызылордада «Шіркейлі» каналына 27 шілдеде сағат 14.30-да 10 жасар қыз суға кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті