"Нұр Отан" ХДП Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" ХДП Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет деп санайды

"Нұр Отан" ХДП Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет деп санайды

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" ХДП Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін, атап айтсақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімін біршама қысқартуға мүмкіндік бар деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында "Нұр Отан" ХДП-ның жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Шiлде 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Жыл сайын Әділет министрлігі мен Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне қомақты қаржы бөлінеді, мәселен, 2006 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арнап тек қана бағдарламалық қамтамасыздықты жасауға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған, 2008 жылы республикалық бюджетте «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз ету» жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға 6,6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Сөйтіп, халыққа жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сол себепті біздің Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету мерзімін қысқарту қажет деген үкімет алдына қойған талабымыз өз күшінде қалады», — деді О. Әбдікәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті