ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі БҰҰ комитетінің сайлауына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі БҰҰ комитетінің сайлауына қатысады

ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі БҰҰ комитетінің сайлауына қатысады

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова БҰҰ-ның әйелдерге қатысты алалаушылықты жою жөніндегі комитетінің 2009-2011 жылдарға арналған сайлауына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 28 Шiлде 2008
  • 536
Фото - Caravan.kz

«30 шілдеде Нью-Йоркте БҰҰ-ның әйелдерге қатысты алалаушылықты жою жөніндегі комитетінің 2009-2011 жылдарға арналған сайлауы өтеді. Еліміздің атынан ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынованың кандидатурасы ұсынылған. Ол Нью-Йоркте СИДО Конвенциясына қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдерімен кездеседі», — деді І. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті