Алматы және Ақмола облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Ақмола облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Алматы және Ақмола облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Ақмола облыстарында жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Шiлде 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының Ерейментау ауданында Астана — Павлодар тас жолының 104-ші шақырымында 28 шілдеде сағат 18.00-де 56 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушылары, 53 және 29 жастағы әйелдер оқиға орнында жан тапсырып, 26 жастағы «Тойота» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысының Іле ауданында Алматы — Астана тас жолының 105-ші шақырымында 28 шілдеде сағат 21.10-да «ВАЗ» көлігі мен «МТЗ-80» тракторы соқтығысты.

Апат салдарынан «ВАЗ» көлігінде отырған 46 жастағы екі ер адам оқиға орнында қаза тауып, 26 және 31 жастағы екі ер адам мен жеті жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті