«Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының екінші сьезінде мемлекет басшысы жария ете отырып тапсырған Қазақстанда Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде», — деді З. Балиева.
«Президент әкімшілігі орталықты ашу мерзімін үшінші тоқсанға белгіледі, бұл мәселе уақытында шешімін табады деп ойлаймын», — деді ол.
Қазір Әділет министрлігі осындай халықаралық орталық ашу жөніндегі үкімет қаулысының жобасын дайындап, мемлекеттік органдардың келісімін алуға жіберді. «Орталықты қаржыландыру және онда қызмет ететіндердің шаттық санына қатысты мәселелер шешілді, осы орталыққа жоғары білікті мамандарды тарту жұмысы жүргізілуде», — деді З. Балиева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті