Ақтөбеде облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ағызынды суларын зарарсыздандыруға жергілікті бюджеттен 56 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ағызынды суларын зарарсыздандыруға жергілікті бюджеттен 56 млн теңге бөлінді

Ақтөбеде облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ағызынды суларын зарарсыздандыруға жергілікті бюджеттен 56 млн теңге бөлінді

Ақтөбе. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ағызынды суларын зарарсыздандыруға жергілікті бюджеттен 56 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Шiлде 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Бұл қаржыға хлораттық жабдықатрды орнатып, құрастыру жұмыстары жүргізілуде, ол тамызда іске қосылады», -деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығының орынбасары Самат Данияров.

«Келешекте облыстық денсаулық сақтау департаменті туберкулезді емдеу диспансерін қаланың ішінен сыртына шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды. Оған жапсарлас жатқан аумақтар үшін диспансерден қауіп жоқ. Соңғы он жылда көршілес үйлердің тұрғындарынан ауру жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ. Қазір оның үстіне облыстық тубдиспансерді қаланың сыртында салуға бағытталған техника-экономикалық негіздемесі дайындалуда», — деді С. Данияров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті