Күдікті дүйсенбі күні «Рубеж» бақылау-өткізу бекетінде ұсталған.
Ақсу қаласының 30 жастағы тұрғыны мотоциклмен облыстың Шарбақты ауданына бет алған. Оның жол сөмкесінен есірткіге ұқсас, салмағы 2 кг жуық зат табылған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ер адам есірткіні контрабандалық жолмен Қазақстан -Ресей шекарасынан өткізіп жібермек болған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Қазір есірткінің жеткізілу арнасы анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті