деп хабарлайды Қазақстан Бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Испания басшылары халықаралық ықпалдастық мәселелерін, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды жандандырудың ағымдағы жай-күйі мен келешегін талқылады. Мемлекет басшысы өзекті халықаралық мәселелер мен қол жеткізілген өзара түсіністіктің жоғары деңгейі және халықаралық деңгейдегі қолдау бойынша екі ел көзқарастарының ұқсастығын атап өтті.
Осыған байланысты Н. Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі кандидатурасын қолдағаны үшін Испания Короліне алғысын білдірді және 2010 жылы ҚР ЕҚЫҰ-ға және Испанияның Еуроодаққа төрағалық етуіне байланысты халықаралық сахнада өзара әрекет жасау үшін екі ел алдында кең мүмкіндік ашылатынын атады. Кездесу аясында сауда, экономика және инвестиция салаларында ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне айырықша көңіл бөлінді.
Сұхбат соңында Қазақстан көшбасшысы Испания үкіметінің төрағасы Х.Л.Сапатероның ағымдағы жылдың аяғына дейін Астанаға ресми сапар жасайтынына үміт білдірді, сондай-ақ Испания Королін 2009 жылы мемлекеттік сапармен Қазақстанға келуге шақырды.
Шағын құрамдағы кездесуден кейін испандық монарх Елбасына Қазақстанмен ықпалдастыққа мүдделілік танытқан «Телефоника» (телекоммуникация), «Ибердрола» (энергетика), «Индра» (ақпараттық технология), «Драгадос» (құрылыс және инфрақұрылым), «Тальго» (теміржол көлігі) испаниялық ірі компаниялардың басшыларын таныстырды.
Кәсіпкерлермен кездесу барысында баламалы энергетика, автомобиль және теміржол құрылыстары, жоғары жылдамдықты теміржол қатынасы, туризм салаларында ірі жобалардың Қазақстанда іске асырылу мүмкіндіктері талқыланды. 2007 жылы қол қойылған Екі ұйым арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум аясындағы нақты жобаларды Испания кәсіпкерлер ұйымдары Конфедерациясы (СЕОЕ) басшылығымен талқылау үшін Мадридте «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басшылығының сапарын биылғы жылдың қыркүйегінде іске асыру туралы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластық қолдау тапты.
Пальма де Майорка қаласындағы бағдарламасы аяқталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев «Экспо 2008» Дүниежүзілік көрмесі аясында Қазақстан Күндерінің ашылу салтанатына қатысу үшін Сарагоса қаласына барады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті