Петропавловскіде есірткі таратты деген күдікпен бір ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловскіде есірткі таратты деген күдікпен бір ер адам ұсталды

Петропавловскіде есірткі таратты деген күдікпен бір ер адам ұсталды

Петропавловск. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде есірткі таратты деген күдікпен бір ер адам ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Шiлде 2008
  • 314
Фото - Caravan.kz

Криминалдық ортада «Колыма» деген лақап аты бар күдікті Солтүстік Қазақстан облысына және одан әрі Ресейге ірі көлемдегі есірткі партияларын тасымалдаумен айналысқан. Ол арнаулы операцияның барысында төрт килограмм гашиш сату барысында қолға түсті.

«Одан есірткі үшін берілген ақша тәркіленді. Гашиш партиясы үшін еркек 10 мың АҚШ доллары мен «Мерседес» көлігін алудан үміттенген. Күдікті бұған дейін де бірнеше мәрте сотталған нашақор. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы жыл басынан бері заңсыз айналымнан 269 килограмм түрлі есірткі, соның ішінде 1 килограмм 285 грамм героин, жеті килограмм гашиш, 257 килограмм марихуананы шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті