Солтүстүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 дана "экстази" таблеткасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 дана "экстази" таблеткасын алды

Солтүстүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 дана "экстази" таблеткасын алды

Петропавловск. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері заңсыз айналымнан 500 дана "экстази" таблеткасын алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Шiлде 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдау арнасын жолға қоюшы әрі оны сатушы Петропавловск қаласының орталығында таблеткаларды сатып жатқан кезде қолға түсті.

Сараптама қорытындысы бойынша зат психотроптық зат — метилендиоксиметамфетамин («экстази») деп танылды. «Алдын ала мәліметке сәйкес, таблеткалар Голландияда жасалған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Есірткі сатушылар оларды Петропавловскіде бір данасын 15 евродан сатпақшы болған. Оларды кейін көңіл көтеру орындарында сату жоспарланған болуы ықтимал», -деді ҰҚКД қызметкері Жанат Нұтпаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті