«Біз корпоративтік кіріс салығын 15 — 20% дейін азайтуды ұсынып отырмыз, бұл азайтуды жылдарда тарата белгілерміз», — деді Кәрім Мәсімов.
«Сондай-ақ, біз Салық кодексінің жаңа жобасының бірінші тұсаукесерінде айтқанымыздай, әлеуметтік салықтың жатық ставкасына көшпекшіміз», — деді ол.
«Біз оны 11% мөлшерінде ұсынып отырмыз», — деді премьер.
«Мен Салық кодексінің жобасын жасаушы басты мекеме — Экономика министрлігіне бүгінгі үкіметтің отырысынан кейін өз web-сайтына жаңа Салық кодексінің жобасын шығаруды тапсырамын. Осы заң бойынша баршасы өз пікір-ұсыныстарын білдіре алуы үшін қажет. Өйткені, осы заңға баршамыз бағынатын боламыз және салық комитеті оны орындауға тиіс. Сондай-ақ, 7 тамызда Астанада жаңа салық кодексінің жобасын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізуге шешім қабылдаймын. Біз оны талқылауға жеткілікті уақыт береміз, сосын оны үкіметтің отырысында тағы бір мәрте талқылап, парламентке ұсынамыз», — деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті