Ұйым жетекшісінің айтуынша, мүгедек әйелдердің «Бибі-Ана» қоғамы 15 жылдан астам Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттың бірінші қабатында орналасып, мемлекетке тиесілі болып келген. Алайда, ғимарат жеке қолға өтісімен қоғамдық ұйымда проблемалар туындаған.
Оның айтуынша, 4 тамыз күні мүгедек әйелдердің «Бибі-Ана» қоғамдық ұйымының мүшелері даулы ғимараттың жанында қарсылық акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті