Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы — Ташкент тас жолының 469-шы шақырымында 28 шілдеде сағат 19.30-да «Фольксваген» көлігі «ВАЗбен» соқтығысты.
Апат салдарынан «Фольксваген» көлігінде отырған 28 жастағы әйел мен жас нәресте, сондай-ақ, «ВАЗ» көлігінде отырған 45 — 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты; екі жүргізуші мен төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Алматы — Екатеринбург тас жолының 691-ші шақырымында 29 шілдеде сағат 15.30-да екі «КамАЗ», «Тойота-Камри», «Ниссан» және «Тойота» секілді бес көлік соқтығысты.
Апат салдарынан «КамАЗ» және «Тойота-Камри» көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылып, «Тойотада» отырған 18 жасар қыз ауруханаға жатудан бас тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті