«Жалпы алғанда біздің бюджет жылдық жоспардың 52% деңгейінде, соның ішінде республикалық бюджет 49,9% орындалды. Біз жалпы алғанда бюджет орындалады деп санаймыз, өйткені, түсімдердің басым бөлігі дәстүрге сай жылдың аяғында түседі. Ал жергілікті бюджеттерге келсек, ол жылдық жоспардың 57% шамасында. Жергілікті бюджеттер кіріс бойынша жылдық жопарды орындап отыр», — деді Б. Жәмішев.
«Әрине, әр облыста жағдай әртүрлі. Мен осы орайда Астана қаласын атап көрсетер едім, онда басқа өңірлермен салыстырғанда жоспар біршама орындалған жоқ. Бірақ бюджет жалпы орындалады деп ойлаймын», — деді қаржы министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті